Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы – басты құндылық

Қызылордада «Мемлекеттік қызметшінің әдебі – басты құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел отырысына облыстық Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы М.Нәлібаев, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиал директоры Ж.Айтимов, департамент қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Дөңгелек үстелде мемлекеттік қызметшілердің әдебі стандарттары мен әдептік қағидаттары туралы ақпарат беріліп, әдеп жөніндегі уәкілдердің құзыреттілігін арттыру бағытындағы оқулар жайлы мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстел жұмысы мемлекеттік қызметшілердің көшбасшылық әдебі қалыптасуына арналған тренингтермен толықтырылды. Тақырыпты талқылаулар бөлімінде Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы Мақсұт Нәлібаев ұжымда тиімді қарым-қатынас орнату, әлеуметтік әріптестікті дамыту тұрғысында кәсіподақ жүйесінің ролі туралы сөз қозғады.