Әлеуметтік әріптестер ұйымдардағы еңбек қатынастары мәселесін талқылады

Қызылорда облыстық еңбек саласын бақылау басқармасында бірқатар ұйымдардағы еңбек қатынастары мәселелері талқыланды. Жиынға әлеуметтік әріптестік шеңберінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов қатысты.

Жиналыс барысында “Қызылорда қалалық ветеринарлық станциясы” мемлекеттік мекемесі мен “Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы” филиалы жұмыскерлерінің жалақыны көтеру туралы мәселелері бойынша қабылданған шаралар талданды. Бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде жалақысы көтерілмеген санаттағы қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы ұсынымдар тиісті орындар назарына жеткізілген. Сонымен қатар, жиналыста аймақта табиғи газды жеткізуші компанияға мердігер «РЦКУ-Қызылорда» серіктестігіндегі қалыптасқан еңбек ахуалы ортаға салынды. Серіктестік өкілдері айтуынша, компания басшылығымен жұмыскерлердің жалақыны көтеру туралы талаптарына сәйкес шешім әлі де қабылданбаған. Жиынның күн тәртібінде қаралған «Қызылорда Автобус Паркі» серіктестігіндегі жұмыскерлердің жалақысын көтеру мәселесі де қазірде ашық күйде қалып отыр, серіктестік өкілдері мәлімдеуінше кәсіпорында күрделі қаржылық жағдай орын алған.

Әлеуметтік әріптестермен аталған ұйымдардағы еңбек шиеленістерін алдын алу мәселелері бойынша тиісті шаралар қабылданып, еңбек ұжымдарында заңнамалық тұрғыда түсіндірмелер жүргізу жалғасатын болады.