Павлодарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Динара Айтжанова Toyota Center Pavlodar-да болды.

Директор Дастан Аймурзиновпен кездесу барысында кәсіпорын психологы Алевтина Жилинаның қатысуымен еңбек заңнамасын сақтау, корпоративтік этика, қызметкерлердің өтініштерін қарау мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушы Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығының» басшысы, кәсіби медиатор М.Иванова татуластыру орталығының жұмысы туралы айтып берді, оған өңірдің әрбір жұмыс істейтін тұрғыны кәсіподаққа мүшелігіне қарамастан жүгінуге, тегін құқықтық кеңес алуға құқылы.

«Павлодар облысының еңбек ұжымдарын аралау әрқашан кәсіподақтардың ерекше бақылауында болады. Тоyota Center Pavlodar басшылығымен кездесу шеңберінде ұжымның әрбір қызметкерін Павлодар қаласы Жеңіс алаңы, 3, 2а кабинет мекенжайы бойынша ҚРКФ Заң клиникасының филиалына және жедел желіге кедергісіз жүгіну мүмкіндігі туралы хабардар ету қажеттілігі туралы сындарлы диалог өтті, оның нөмірін +77001996036 24/7 режимінде құпия түрде теріп, еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құқықтық сұраққа жауап алуға болады», – деп атап өтті Динара Айтжанова.

Тараптар сындарлы кездесу шеңберінде одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.