Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының жанында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының филиалы жұмыс істейді. Жезқазған, Сәтбаев қалаларында өкілдіктері бар, сондай-ақ келушілер мен кеңес алуға ниет білдірушілерге қолайлы болуы үшін “Арселор Миттал Теміртау” АҚ басшылығымен келісім бойынша аталған кәсіпорынның жанынан медиация кабинеті ашылып, Қарағанды облыстық заң клиникасы филиалының өкілдері тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуде.
2022 жылдың басынан бастап 15 наурыздағы жағдай бойынша заң клиникасы филиалының татуласу орталығына 14 өтініш келіп түсті, оның ішінде: отбасылық жанжалдар – 4, коммуналдық мәселелер – 6, шарттық міндеттемелер бойынша – 2, әке болу дерегін даулауға қатысты – 1, еңбек шартының мерзімін ұзарту бойынша – 1, заң мәселелері бойынша консультация – 11, орталықтың жұмысы және медиаторлардың қызметтері туралы кеңес беру – 7.
Заң клиникасы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының қызметкерлері және Қарағанды облысы мәслихаттарының депутаттары азаматтарды қабылдауды қосымша жүзеге асырады.
Заң клиникасы филиалының өкілдері татуласу орталығында Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 5 мекен-жайы бойынша жұмыс күндері сағат 09.00-ден сағат 16.00-ге дейін, түскі үзіліс сағ. 13. 00. сағат 14.00-ге дейін қабылдау жүргізеді, жедел желі телефоны: 8/72-12/41-31-31.