Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері марапатталды

Наурыз мейрамы қарсаңында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы 18 наурыз күні белсенді және жемісті жұмысы үшін денсаулық сақтау қызметкерлерін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен салтанатты түрде құттықтады.

«SENIM» облыстық кәсіподағының төрайымы Салтанат Төлегенова салтанатты іс-шараны аша отырып, барлық қатысушыларды келе жатқан Наурыз мейрамымен – бейбітшілік пен жақсылықты бейнелейтін мерекемен құттықтады.

Жемісті қызметі және Павлодар облысының кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін, сондай-ақ бірлескен жұмысы және қолдауы үшін «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрайымы Динара Айтжанова «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ төсбелгісімен марапатталды.