Кәсіподақтардың Заң клиникасында қабылдау өтті

2022 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодардағы филиалына азаматтардың кезекті қабылдауына тараптардың келісімі жөнінде еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың шығарылуына байланысты құқықтық кеңес алу мәселесі бойынша кәсіпкерлік кәсіпорындарының бірінің қызметкері жүгінді.

Хатында ол өз қалауы бойынша жұмыстан босату туралы өтінішті жазуға мәжбүрледі деп жазған. Психоэмоционалды бұзылу жағдайында өтініш беріліп, сол күні жұмыс беруші бұйрық шығарды. Өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабының 1) тармағына сәйкес еңбек шартын тоқтату негіздерінің бірі тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу болып табылатыны түсіндірілді. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 50-бабымен реттеледі. ҚР ЕК-нің 50-бабының 2-тармағына сәйкес тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзуға ниет білдірген Тарап еңбек шартының екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.

Алайда, берілген өтініште қызметкер еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша емес, яғни басқа құқықтық негізде бұзуды сұрады. Қызметкерге кәсіпорынның келісім комиссиясына, ал жұмыс беруші мен қызметкердің ерікті келісімі болған жағдайда «Татуласу орталығының» кәсіби медиаторына сотқа талап-арыз бермей, туындаған еңбек дауын сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіппен шешу ұсынылды.