Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 2022 жылғы 14-17 наурыз аралығында «Кәсіподақ: кеше, бүгін, ертең» стратегиялық сессиясын өткізді.
Көшпелі сессия жұмысына салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының бас бухгалтері Гүлзира Тоқабаева, қоғамдық бірлестіктің қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары мен бухгалтерлері қатысты.
Елімізде болып жатқан өзгерістер өз түзетулерін енгізеді және кәсіподақ ұйымының орны мен рөлін ой елегінен өткізуді талап етеді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы, стратегиялық сессияның модераторы Гүлбарам Әуезханқызы жобалық жұмысты бастамалаудың және жоспарлаудың инновациялық формасын апробациялады. Нәтижесінде ұйым дамуының стратегиялық көрінісі қалыптасты. SWOT-талдау әдісімен сессияға қатысушылар ұйымның ішкі және сыртқы ортасының факторларын анықтап, оларды төрт санатқа бөлді: күшті және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қауіптер.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін фасилитаторлар Алма Файзрахмановқызы, Гүлшат Оралқызы, Жұлдыз Дүйсенбекқызы пікірталасты басқарды, оң топтық динамиканы қолдады, талқылаудың жемісті болуына ықпал етті. Кәсіподақ бюджетін, салалық кәсіподақ ұйымдарында бірыңғай есеп саясатын қалыптастыру блогы тиімді пысықталды.