Ағымдағы жылдың 14-17 наурызы аралығында Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, «Аманат» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мақсұт Нәлібаев облыстық Әділет департаменті жанындағы нотариаттық және адвокаттық қызмет көрсету бойынша аттестациялау комиссиясы жұмысына қатысты.
Аттестациялау комиссиясы нотариус қызметін жүргізуге екі үміткердің және адвокаттық қызмет бойынша жеті үміткердің заңгерлерлік біліктіліктерін саралады. Аттестациялаудың алғашқы кезеңінде Құжат тапсырушылар дайындалған тестілеу межесінен шыға алмады, комиссиямен оларға өз біліктіліктері деңгейін тиісті дәреже көтеру туралы нұсқамалар берілді.