Жылдағы дәстүр бойынша «Қазхром «ТҰК» АҚ-ның филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымына қарасты Ардагерлер кеңесі «Наурыз мерекесіне» орай зейнеткерлер арасында 7 наурыздан бастап 16 наурыз аралығында 4 спорт түрінен сайыс ұйымдастырды. Жарысқа спортты жанына серік еткен 36 зейнеткер қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша шахматтан Бейбіт Нұртаев, шашкадан Қуандық Калишев, үстел теннисінен Петро Фрезинк, бильярдтан Тайбазар Ужановтар 1-орынға ие болды. Олар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Қазіргі таңда Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бастауыш кәсіподақ ұйымына қарасты Ардагерлер кеңесінде 860, оның 440 әйел зейнеткерлер есепте тұрады. Көп бейнеттің зейнетін көріп отырған аға буын өкілдеріне зауыт әкімшілігі, кәсіподақ ұйымы көп көңіл бөледі. Тұрғындар қалашығындағы орталық көшелердің бірінде орналасқан Ардагерлер кеңесі арнайы ғимаратпен, заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Осы киелі шаңырақта зауыт зейнеткерлері бос уақыттарын көңілді әрі тиімді өткізіп, бір-бірімен жүздесіп, бас қосады, түрлі спорттық турнирлерді, сайыстарды өткізіп отыруды әдетке айналдырған.
Жыл басы – Наурыз мерекесіне орай кәсіподақ ұйымының қолдауымен зейнеткерлер арасында бильярд, шахмат, шашка, үстел теннисі бойынша турнир өткізді. Спорт десе елең ететін аға буын өкілдері 4 ойын сайысына 36 зейнеткер қатысып, бақ сынады. Бағы мен бабы қатар шапқан зейнеткерлер өздерінің спорттан да құр алақан емес екендігін дәлелдеп жүлделі орындарға қол жеткізді.