Наурыз мейрамы қарсаңында Бұқар Жырау ауданының Чкалов су қоймасында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кубогы үшін еңбек ұжымдары арасында мұз асты балық аулау бойынша жыл сайынғы жарыс өтті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған 2022 жыл – Әлеуметтік әріптестік жылы аясында еңбекшілер арасында салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттау мақсатында аталған жарысты Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары кәсіподағының бастауыш ұйымдары ұйымдастырды.
Жарысқа аймақтың әртүрлі кәсіпорындары мен ұйымдарының 24 еңбек ұжымы жіберілді, барлығы балық аулауға 72 қатысушы қатысты, олардың көпшілігі кәсіби емес әуесқой балықшылар болып табылады. Осы шуақты күні барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылар керемет көңіл-күйге бөленді!
Қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында жарыс басталғанға дейін барлық қатысушылар мұздағы жүріс-тұрыс ережелері және санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау бойынша нұсқаулықтан өтті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Жер кадастры басқармасының басшысы Саян Ишимов, Қарағанды қаласының кәсіпкері Арман Тасболатов, «Теплотранзит Караганда» ЖШС мастеры Руслан Валиев және жарыстың бас төрешісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының депутаты Валерий Громов бастаған қазылар алқасы әрбір учаскеде қатысушылар мен жанкүйерлерді қадағалады.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте I орынды «Техол Т» ЖШС ұжымы иеленді, оларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кубогы, бірінші дәрежелі медальдар мен грамоталар табысталды. II орынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Бұқар Жырау ауданының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің ұжымы иеленді, оларға екінші дәрежелі медальдар мен грамоталар берілді, ал III орынды «№ 78 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ұжымы иеленіп, медальдармен мен мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Жеке есепте I орынды – «Техол – Т» ЖШС қызметкері Павел Королев, II орынды – «Central Asia Cement» АҚ құрастырушысы Александр Леверов, III орынды – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысының филиалы Бұқар Жырау әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің ғимараты бойынша жұмысшысы Роман Костяников иеленді.
Жарыстың барлық жүлдегерлері мен номинанттарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.