«Әділет» Кәсіподағы және Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бірлесіп елордадағы білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің арасында білім беру ұйымдарының көркемөнерпаз Қалалық байқауын жариялады.
Байқаудың мақсаты – Қазақстанның төл өнерімен және мәдени мұрасымен таныстыру, сондай-ақ қоғамдағы педагогикалық және мәдени мәртебесін нығайту арқылы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық қырларын арттыру.
Байқаудың Ережесі «Әділет» Кәсіподағының бастауыш ұйымдары бар білім беру мекемелеріне жолданды.
Байқау 2 кезеңде өткізіледі. 1-ші кезеңде Нұр-Сұлтан қаласындағы аудандар бойынша 20-31 наурыз аралығында іріктеу туры өткізіліп, әр номинацияның “Гран-при” атағының иегерлері мен жеңімпаздары анықталады.
Ал, 2-ші кезең – гала-концерт Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған сәуірдің екінші жартысына жоспарланып, әр номинацияның “Гран-при” атағының иегерлері концерттік нөмірмен өнер көрсетеді. Байқаудың Ережесімен«Әділет» Кәсіподағының сайтына кіріп танысуға болады.