Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы және «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағының облыстық филиалы әріптестерімен бірге 2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын оң көзқараспен талқылады.
Негізгі түйін: Жаңа Қазақстан, өмірдің барлық салаларындағы реформалар мен жаңару, азаматтық қоғам рөлінің күшеюі, билікті орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа серпіні және Еңбек адамы рөлінің артуы кәсіподақ өкілдерінің үлкен ықыласына ие болды.
Барлық әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар тез өзгеретін сыртқы әлемдік ахуалдың қазіргі заманғы тәуекелдерінің күрделі кезеңінде қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.