Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай қызылордалық білім саласы кәсіподағы «Наурыз жылуы» акциясын қолға алды.
Ізгілік пен қайырымдылықтың нышаны саналатын Наурыз айында саладағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсыныстарына сәйкес кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік азық-түлік жиынтықтары табысталды. Бұл акция бүгінде облыстық ұйымдарды, атап айтқанда, техникалық колледждерді, арнайы мектеп-интернаттар мен оңалту орталықтарын қамтыды, алдағы уақытта акция аудандарда жалғасын тауып, азық-түлік топтамасымен жалпы 600-ден аса қызметкерлердің отбасын қамту жоспарланған.