Тарихи тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурыз көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейлі мереке. Бұл күні Жер-Ана жанданып, айнала көкке оранып, күн мен түн теңеліп, жыл басы басталатыны хақ. Халқымыз осы мерекемен жақсылықтың бастауын, ақтың молаятынын, тіршіліктің жанданатынын байланыстырып, қасиетті мерекені асыға күтіп, ерекше құрметтейді. Думанды мейрамда шаттанбайтын, мейірленбейтін, адам кемде-кем, сірә.
Осы орайда, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтті. Ұлық мереке күні қызметкерлер жұмысқа ұлттық киім киіп келіп, мерекенің сәнін келтіріп, көркін аша түсті. Қызметкерлер бір-біріне ақ тілектерін жаудырып, жылдан-жылға аман жетуін тіледі.
Наурыз мейрамын ұлттық тағамдарға толы ақ дастархансыз елестету мүмкін емес. Сондықтан қонақтарға арналып «Наурыз көже», бауырсақ, майсөк, жент сияқты дәстүрлі ұлттық тағамдардан ақ дастархан жайылды.
Ерекше әсер сыйлаған Наурыз мерекесі көптің көңілінде талай уақыт жүретіні сөзсіз.