Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облысының үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста «Мемлекеттік және қоғамдық бақылау жүргізу, өндірістік жарақаттанудың жай-күйіне, жалпы үрдістерді анықтау және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында кәсіптік аурулардың алдын алу туралы» және «2022 жылғы қаңтардағы наразылық акциялары барысында «Қазақмыс»корпорациясы» ЖШС кәсіпорындары қызметкерлерінің қойылған талаптарды орындау туралы» мәселелер қаралды.
Осы мәселелер бойынша әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің: Еңбек инспекциясы бойынша басқарма, Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілігі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы және еркін кәсіподақтар Достастығы, сондай-ақ «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Талқылау барысында кәсіподақтар тарапынан ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мынадай бұйрықтарға толықтырулар енгізілгені атап өтілді: «Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланулардың барлық жағдайларын, оның ішінде кәсіптік ауруларға және (немесе) улануларға күдіктерді олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібін бекіту туралы» қызметкерге өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің мүддесінде өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты зиянды өндірістік факторларды бағалау қағидаларын бекіту туралы», сонымен қоса 2020 жылдың қазан айында АҚ Көмір департаментінің қызметкерлері көтеріп, 2021 жылдың сәуір айында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеевтің қатысуымен, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы мен «Қорғау» көміршілер кәсіподағының бастамасымен қаралған «Кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын орнату сараптамасының қағидаларын бекіту туралы» бұйрық.
Бірлескен талқылау қорытындысы бойынша облыстық үшжақты комиссия мүшелері бірқатар ұсыныстар енгізіп, үйлестірілген шешімдер қабылдады.