«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы бойынша филиалының төрайымы Зәуре Жұмабекованың Қостанай ауданының «Шеминовка» ЖШС кәсіподақ комитетінің мүшелерімен кездесуі өтті. Кездесуге бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасы мен кәсіподақ белсенділері қатысты.
Кездесу барысында кәсіподақ төрайымы Наталья Мельник 2021 жыл ішінде кәсіподақ комитетінің атқарған жұмысы мен 2022 жылға арналған алдағы міндеттер туралы баяндады. Ол кәсіподақ мүшелеріне келісу комиссиясының, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесінің жұмысы, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысы мен кәсіподақ жарналарының жұмсалуы мен кәсіподақ жобалары туралы толық баяндады.
Кәсіподақ комитетінің мүшелері алдында ЖШС-ға жаңадан қабылданған қызметкерлерді қатарға тарту, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында жұмыс беруші мен кәсіподақ комитеті арасында жасалған қолданыстағы ұжымдық шартқа өзгерістер енгізу бойынша барлық кәсіподақ активінің жұмысын жандандыру бойынша міндеттер қойылды.
Кездесуге қатысушылар кәсіподақ комитеті жұмысының ұйымдастырылуын жақсарту бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Барлық қойылған сұрақтарға жауап мен ұсынымдар берілді.