«ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы (төрайымның м.а. – Татьяна Шатохина) көктемгі жаңару, достық және жақсылық мейрамы – Наурыз мерекесіне орай кәсіподақ мүшелерінің балалары арасында сурет салу байқауын ұйымдастырды.
Кәсіподақ ұйымдары мен әлеуметтік желілерде алдын ала конкурс туралы Ереже жарияланып, құрамына Қарағанды өңірінің кәсіби суретші-педагогтары, психолог-медиаторы, ардагерлері мен кәсіподақ қозғалысының жас өкілдері кірген байқау Комиссия құрылды. Шығармашылық байқауға барлығы 40-тан астам жас суретшілер қатысып, өте әдемі және түрлі-түсті суреттер ұсынып, белсенділік танытты.
Көктемгі демалыс күні «Наурыз мейрамы балалар көзімен!» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Комиссия шешімі бойынша «ҚЫЗМЕТ»кәсіподағы мүшелерінің жас шығармашылық буынының келесі өкілдері жеңімпаз болып танылды:
– Әбдікәрімова Айлина, 8 жаста – I ОРЫН – «Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты» ММ кәсіподақ ұйымы. Жеңімпазға шығармашылықты дамыту үшін кеңсе тауарларын сатып алуға номиналы 10 мың теңге Сертификат табысталды.
– Кершман Валерия, 11 жаста – II ОРЫН – «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ кәсіподақ ұйымы. Жүлдегерге 7 мың теңге номиналы бар Сертификат берілді.
– Рымханқызы Жібек, 12 жаста- III орын – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қарағанды облысы бойынша филиалының кәсіподақ ұйымы. Жүлдегерге кеңсе тауарларын сатып алуға номиналы 5 мың теңге Сертификат табысталды.
Сондай-ақ, «Шебер» сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы (жетекшісі-Наталья Вшивцева) қолдан жасалған 4 былғары Тұмар ұсынды. Оларды комиссия мүшелері келесі шығармашылық жұмыстардың авторларына табыс етті:
– Рысқұлова Дария, 6 жаста – «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымы;
– Құрманғали Нұржан, 8 жаста, – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қарағанды облысы бойынша филиалының БПҰ;
– Березина Анна, 9 жаста – «ҚЫЗМЕТ»Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы;
– Өміртай Диляра, 9 жаста – «Шахтер»стадионы» КМҚК кәсіподақ бастауыш ұйымы, сонымен қатар,
«Ең жас суретші» номинациясында 4 жастағы Мирослава Грачева мадақтама мен сыйлыққа ие болды.
Байқаудың барлық қатысушыларына «ҚЫЗМЕТ» кәсіподағынан сурет салуға арналған ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Байқауға қатысушылар марапаттауға өте риза болып, ойын-сауық бағдарламасына аниматорлармен белсенді қатысып, достасып, бір-бірімен көңілді уақыт өткізді!