30 наурыз күні Орал қаласы әкімдігінің шағын залында қалалық үш жақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиналыстың күн тәртібінде «Батыс су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жалақыны уақытылы төлемеу және ЖЗҚ және МӘМС жарналарын аудару бойынша ұжымдағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу мәселесі қаралды.
Аталғанға сәйкес, жиында мекеменің кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Ілікпаева баяндама жасап, кәсіпорынның қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы, сонымен қатар жұмысшылардың наразылығы туралы айтып өтті.
Жұмыс беруші тарапынан жиналысқа «Батыс су арнасы» ЖШС өкілі қатысып, ақпарат берді.
Көрсетілген мәселеге сәйкес үш жақты комиссия мүшелері мекеме жағдайын алдағы уақытта бақылауда ұстайтын болады.