«Батыр көмір» жергілікті кәсіподағының аға техникалық инспекторы Владимир Скворцов осы жылдың басынан бері тіркелген өндірістегі екі жазатайым оқиғаны тергеуге қатысқан. Техникалық инспектор тергеу аяқталғаннан кейін жазатайым оқиғаларға қалай жол берілгені және салдары туралы айтып берді.
«2022 жылдың қаңтар айында БЖКБ құрылымдық бөлімшесінде «Ударная» ЖПҚ учаскесінде тартқыш агрегат машинистерінің көмекшілері 2 жазатайым оқиғаға ұрынды. Екі оқиға да бір-біріне ұқсас. Бірінші жағдайда машинист техникалық қызмет көрсету кезінде, яғни электровозды қабылдау кезінде, оны айналып өтіп, сүрініп құлап, жарақат алды, аяқтың сіңірлеріне зақым келген.
Қызметкердің өкілдері кіретін тексеру жөніндегі комиссия («Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы) жұмыс беруші тарапынан жұмыскердің арнайы киімі мен аяқ киімімен қамтамасыз еткенін, яғни міндеттемелерін орындағанын анықтады. Сондай-ақ, комиссия электровозды қабылдауға арналған алаң кедір-бұдыр, ойықтары бар учаскелерде орналасқанын, сондықтан онда жарақат алу ықтималдығы жоғары екендігін анықтады. Нәтижесінде комиссия жұмыс беруші мен қызметкердің кінәсінің пайызы 50 – ден 50 пайызға тең деген қорытындыға келді. Яғни, қызметкер тарапынан – бұл жеке қауіпсіздікті сақтамау, жұмыс беруші тарапынан – жұмыс өндірісін дұрыс ұйымдастырмау.
Кездейсоқ емес жағдайды тергеу нәтижелері бойынша жұмыс беруші локомотив бригадалары үшін ауысымды қабылдау және беру орындарын әзірлеуге және бекітуге міндетті екендігі көрсетілген шаралар әзірленді. Жұмысшылар-машинист және машинист көмекшісі үшін – тәуліктің қараңғы уақытында ауысымды қабылдау және беру кезінде жеке талаптарды анықтау белгіленді. Бұл іс-шаралар тек еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұсыныстарды нақтылайды.
Екінші жазатайым оқиға алдыңғысына ұқсас болды: тартқыш агрегат машинисінің көмекшісі техникалық қызмет көрсету кезінде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайға су алу үшін барған, өйткені ТКБ-да ауыз су жинауға арналған сыйымдылық ыдысы жоқ. Жолда қызметкер белгіленген бағыттан ауытқып басқа жақпен барған, оның айтуынша жол тайғақ болған. Ал жолдан өткен кезде ол сүрініп кетіп, оң аяғы сынған.
«Батыр көмір» жергілікті кәсіподағының аға техникалық инспекторы В.Скворцовтың айтуынша, 2022 жылды Халықаралық еңбек ұйымы жазатайым оқиғаларсыз жыл деп жариялады.
«Осы мәселе бойынша кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне сұрайтынымыз, біз зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндіктен, әрбір қызметкер үшін қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, сондай-ақ жеке қауіпсіздік нормаларын сақтауы қажет. Өндірістегі қауіпсіздік әр кеншіге байланысты», – деп атап өтті В.Скворцов.
«Батыр көмір» жергілікті кәсіподағында қызметі учаскелерде қауіпсіздік техникасын сақтауға бағытталған техникалық инспекторлар жұмыс істейді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында 40 техникалық инспектор курс оқып, ҚР Кәсіподақтар федерациясының сертификатын алды. Сондай – ақ, инспекторлар зейнеткерлікке шыққанда немесе жұмыстан босатылған учаскелерде ротация жүргізіледі. Онда қызметкерлер жаңа техникалық инспекторларды таңдайды.