Азаматтарды қабылдау көшпелі түрде жүргізілді

«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Илья Теренченко мен облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Динара Айтжанова және салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Раушан Даумова мобильді қоғамдық қабылдауда азаматтарды қабылдады.

Қабылдауда «Қазақстан Алюминийі» АҚ қызметкерлері өздерінің жеке және ұжымдық өтініштерімен жүгінді.

Зауыт қызметкерлері облыс орталығын абаттандыру, жолдарды жөндеу, жолдарда жаңбыр қабылдағыштарды орнату, жаяу жүргіншілер жолдары мен бағдаршамдарды орнату мәселелерін көтерді.

Барлық айтылған сұрақтар бақылауға алынды.