Тасқала ауданы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары А.У.Джусупкалиеваның ұйымдастырып жүргізуімен 30 наурыз күні «Ең үздік әдістемелік бірлестік – 2022» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – әдістемелік пән бірлестіктерінің озық жұмыстарын анықтау, қолдау, педагогикалық іс-тәжірибелерін тарату, шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды.
Байқау екі кезеңде өткізілді: I кезең – сырттай (түскен материалдарды сараптау, баға беру, келесі кезеңге әдістемелік бірлестіктердің портфолиоларын таңдап алу), ІІ кезеңнің І турында бірлестік жетекшісі әдістемелік бірлестіктің үздік портфолиосын презентация түрінде қорғады, ІІ турында бірлестік мүшелерінің «Біз – бір команда» шығармашылық іс-әрекеті бағаланды.
Әдістемелік бірлестіктің портфолиосында келесі бағыттар бойынша материалдар қамтылуы тиіс болды:
• Ұйымдастырушылық қызметі;
• Оқу – әдістемелік қызметі;
• Сыныптан тыс жұмыс қызметі.
Байқаудың І кезеңіне мектептегі барлық 10 әдістемелік бірлестіктер қатысты. І кезең қорытындысы бойынша ІІ кезеңге 6 әдістемелік бірлестік шықты. Олар:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі, бірлестік жетекшісі Шакирова А.К.
2. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі, бірлестік жетекшісі Кадырберлиев М.А.
3. Ағылшын тілі пәні бірлестігі, бірлестік жетекшісі Нуртазина Р.Т.
4. МИФ бірлестігі, бірлестік жетекшісі Кушанова У.С.
5. Бастауыш сынып бірлестігі, бірлестік жетекшісі Абуталина А.К.
6. Тарих және құқық пәндері бірлестігі, бірлестік жетекшісі Габдуллина Б.Б.
Байқаудың ІІ кезеңінде ӘБ жұмысының жүйелілігі, ӘБ жетекшісінің жеткізу шеберлігі, презентацияның сапалы болуы және ӘБ мүшелерінің белсенділігі, креативтілігі бағаланды. Байқау өте жақсы өтті. Әр бірлестік шығармашылықпен дайындалып, бірлестік мүшелерінің ынтымақтастығы мен бірлігін, кәсіби шеберліктерін, шығармашылық шабыттарын көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі(бірлестік жетекшісі Шакирова А.К.), І орынды Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі(бірлестік жетекшісі Кадырберлиев М.А.), ІІ орынды Бастауыш сынып бірлестігі(бірлестік жетекшісі Абуталина А.К.), ІІІ орынды МИФ бірлестігі(бірлестік жетекшісі Кушанова У.С.) иеленді. Ағылшын тілі пәні бірлестігі (бірлестік жетекшісі Нуртазина Р.Т.) «Үздік команда» номинациясына, Тарих және құқық пәндері бірлестігі(бірлестік жетекшісі Габдуллина Б.Б.) «Шығармашыл бірлестік» номинациясына ие болды. Барлық қатысқан әдістемелік бірлестіктер мектептің кәсіподақ ұйымы атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мектепте 10 әдістемелік бірлестік болса, олардың әрқайсысына топтасқан мүшелерінің әрбірінің мектеп өмірінде қалдырар мәңгілік, баянды іздерінің бар екендігі сөзсіз.