«Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.
Жиында Айдар Бахтыбаев қатысушыларға мұндай кездесулер әр кәсіподақ мүшесіне өзін толғандырып жүрген мәселелерді ашық жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Кәсіподақтың негізгі мақсаты — әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, жұмыскерлердің мүдделерін қорғап, еңбектерін ұлықтау болып табылады.
Кездесу барысында ұзақ жыл білім беру саласының өркендеуі жолында жемісті еңбек етіп, кәсіподақтар қозғалысын дамытуға айрықша үлес қосқан кәсіподақ мүшесі, ардақты ұстаз Әбдіқалық Мұхамеджан Күнгейбайұлын ұлықтауды да ұмытпай, өз кезегінде кәсіподақтардың Құрмет грамотасы мен төсбелгісін салтанатты жағдайда тапсырды.