Еңбек даулары бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерін зерделеу бойынша «Теориядан практикаға» оқыту семинарлары Павлодар облысы кәсіпорындарының келісу комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттырудың тиімді құралына айналды.
Павлодар облысының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасы бойынша 2022 жылғы 1 сәуірде Павлодар қалалық сотының судьялары В.Шевченконың, Г.Қайырбекованың, А.Күлбаеваның, Ж.Машанованың, А.Баймұхамбетованың, «Татуласу орталығының» басшысы М.Иванованың қатысуымен кезекті семинар өткізілді.
Ұсынылған кейстерден келісім комиссияларының құрамы жұмысқа қайта алу, тәртіптік жазаларға дау айту, материалдық залалды өтеу мәселелері бойынша сот практикасымен танысты.
Сотқа дейінгі хаттама сатысында, сот отырысында үлгі алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Судьялар Ж.Машанова, В.Шевченко еңбек даулары бойынша татуластыру рәсімдерінің мысалдарын келтірді.
«2022 жылдың 21 ақпанында «Татуласу орталығында» кәсіби медиатордың қатысуымен Медиация туралы келісімге қол қойылды, ол еңбек дауы туралы Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатумен Павлодар қалалық сотының отырысында бекітілді.
Тараптар: жұмыс беруші мен жұмыскер пайдаланылмаған еңбек демалысы, үстеме жұмыстар мен демалыс күндеріндегі жұмыстар үшін жұмыскер талап ететін өтемақы мөлшері, моральдық зиян өтемақысы белгіленген мөлшерде жүргізілетіні туралы уағдаласты, бұл ретте жұмыскер кәсіпорын берешегінің негізгі бөлігін Медиация туралы келісімге қол қойылған күні алды, ал кейінгі төлемдерді Тараптар бекіткен тәртіппен бөліп алатын болады.
Кәсіподақтардың татуластыру орталығында медиация туралы келісім жасасу еңбек шартының екі тарапына теріс әсер ететін ұзаққа созылған еңбек қақтығысын тоқтатуға мүмкіндік берді», – деді кәсіби медиатор М.Иванова.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды, келісім комиссиясында еңбек дауларын қараудың практикалық тәжірибесімен алмасты және алынған теориялық және практикалық білімдердің қорытындыларын шығарды.