Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің “Дене шынықтыру және спорт” факультеті мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Әз-Наурыз мерекесіне арналған “Шымырлық пен шеберлік күні” атты қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.
Командааралық жарыста арқан тарту, асық ату, кір тасын көтеру, қол күресі сынды спорт түрлерінен оқытушылар мен студенттер күш сынасты.
Университет деңгейінде өткен спорттық сайыста «Жаратылыстану» мен «Өнер және білім» факультетінің қатысушылары жүлделі орындарға ие болды. Білім ошағының басшысы Гүлжан Сүгірбаева еңбек ұжымы мен қатысушыларды айтулы «Наурыз мерекесімен», ал марапат иелерін жеңістерімен құттықтады. Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан жеңімпаздарға сый сияпаттар табысталды. Салтанатты шара соңында мерекелік жайылған дастархан мен наурыз көжеден дәм татылып, қариялар жиналған қауымға ақ батасын берді.