Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымы өткізетін “Үздік техникалық инспекторды” анықтауға арналған конкурс және білім беру мекемелеріндегі онымен байланысты мақсаттар мен міндеттер, бірінші кезекте – бұл мектеп директорының, балабақша меңгерушісінің жауапкершілігі. Басқаша айтқанда, қауіпсіздік – бұл әр жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі.
Білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың көптеген мәселелерін шешуге оларда құрылған Өндірістік кеңестер мен сайланған техникалық инспекторлар көмектеседі. Техникалық инспектордың жұмысы қалай өтеді, оның күнделікті қамқорлығы жыл сайынғы “Үздік техникалық инспектор” байқауында айқын көрінеді. Іс-шараның аудандық кезеңіне білім беру ұйымдарының 4 техникалық инспекторы қатысты.
Конкурсқа ұйымдар Ережеге сәйкес техникалық инспектордың жұмысы туралы презентацияны, сауалнама-өтінімді, мінездемені, сондай-ақ “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Еңбекті қорғау жөніндегі Үздік техникалық инспекторы” республикалық конкурсына қатысушының жұмыс көрсеткіштерінің кестесін ұсынды. Техникалық инспектор ретіндегі өз қызметі туралы айта отырып, әрбір қатысушы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың проблемалық мәселелерін көрсетуге тырысты.
Еңбекті қорғау – бұл өзекті тақырып, өйткені, ең бастысы – қауіпсіздік. Қызметкердің, оқушының, кез-келген адамның өмірінен қымбат ештеңе жоқ.
“Үздік техникалық инспектор” республикалық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді.
1 орынды Кеңес жалпы білім беретін негізгі мектебінің техникалық инспекторы, ағылшын тілі мұғалімі Фазылзянов Мансұр Талғатұлы иеленді.
2 орынға Шақат орта мектебінің техникалық инспекторы, ағылшын тілі мұғалімі Жунусова Баян Дагдархановна, 3 орынға Мичурин ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, техникалық инспектор Кусаинов Ермек Кенжеканұлы ие болды.
Байқаудың облыстық турына қатысуға жолдаманы бірінші жүлделі орын иегері, Кеңес мектебінің техникалық инспекторы Фазылзянов Мансұр Талғатұлы алды.