Кәсіподақ Еңбек адамына құрмет көрсетті

Салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыт әкімшілігі, бастауыш кәсіподақ ұйымында жақсы жолға қойылған. Осы игі дәстүр жалғасы бүгінде өз жалғасын тауып, зауытқа қарасты дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің вахтері Абдулмажит Култаевты құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды.


Абдулмажит Сарсенұлы еңбек жолын сонау 1997 жылдан бастап Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехынан бастаған болатын. Жаңа өмірге қадам басқан Абдулмажит Култаевты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров бастаған, ұжымдастары қоштап салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салды.

“Абдулмажит Сарсенұлы өз ісінің маманы. Өзінің іскерлігімен, еңбекқорлығымен ерекше дараланады. Ұжымдастар арасында жоғарғы беделге ие”, – дейді әріптестері атынан сөз алған Светлана Заукарнаева.

Көп бейнеттің зейнетін көріп, зейнеткерлік өмір жолын бастаған Абдулмажит Култаев бастауыш кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты, ақшалай сыйақысы және әріптестерінің бағалы естелік сыйлықтарымен марапатталды.