Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссия «ERG Servise» ЖШС-де өндірістік жарақаттануды алдын алу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелерді, Железин және Ертіс аудандарында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың 2021 жылғы жүргізіп жатқан жұмыстары туралы есептерді қарады. «ERG Servise» ЖШС ақпараты бойынша 2021 жылдың 12 айында өндірісте 3 жазатайым оқиға есепке алынды. 651 тексеру жүргізіліп, 2891 ескерту анықталды, барлық ескертулер жойылды.
Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер саны 187 адамды құрады. Есепті кезеңде қызметкерлердің орташа тізімдік саны 2188 адамды, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарында 1606 адамды құрады.
Есепті кезеңде «Евразия МО» ЖШС-не 2609 адам медициналық тексеруден (кәсіби тексеру, флюорография, мерзімді медициналық тексеру) өтті.
Қызметкерлердің жалпы санының 90%-дан астамы COVID-19 вакцинасын алды (қалған жұмысшылардың уақытша және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар), 434 адам қайта вакцинацияланды. Комиссия өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге және кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің жұмысын жандандыруға тапсырма берді.
Железин ауданының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Өңірлік комиссиясының ақпараты бойынша 2022 жылы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің алдын алу, жалақы төлеу, кадрларды оқыту және қайта даярлау мәселелері бойынша 10 жұмыс берушінің шақырылуымен 5 отырыс өткізілді.
Ертіс ауданының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Өңірлік комиссиясының ақпараты бойынша 2022 жылы ұжымдық шарттардың орындалуы туралы, жалақыны арттыру туралы, өндірістік жарақаттанудың алдын алу туралы мәселелерді қараумен 3 отырыс өткізілді.
Комиссия өңірлік комиссиялардың жұмысын жандандыруға тапсырма берді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты орындаушыларға жіберілген тапсырмалар тұрақты бақылауға алынды.