Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

4 сәуір күні ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының қоғамдық негізде орынбасары – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Айгүл Мұқашева Батыс Қазақстан облысына іссапармен келіп, алғашқы кездесуге Бәйтерек ауданына аттанды.

Аудан әкімі М.Тоқжанов қабылдау жасап, кездесуге АББ басшысы С.Сафиуллин, облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Даупаев қатысып, аудандағы білім қызметкерлерінің өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолдарын талқыланды.

Кәсіподақ төрайымы аудан педагогтарымен кездесу барысында Салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, толық ақпарат берді. Р.Қыдырбаева Келісу комиссиясы мүшелеріне арналған семинар өткізіп, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.


Келісу комиссиясының мүшелері үшін оқыту семинарлары өткізіліп, барлық қатысушыларға сертификат пен методикалық нұсқаулықтар тапсырылды.

Сонымен бірге, аудандық, облыстық кәсіподақ ұйымдарының ұсынуымен 3 педагог Салалық кәсіподақтың төсбелгісімен, 4 педагог Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталды. Салалық кәсіподақтың марапаттары Салалық келісімге сәйкес аттестация кезінде ескеріледі.


Осындай кездесу Орал қаласында да өткізіледі.