Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттардың бірі білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау жағдайын ішкі бақылауды құру және тиімділігін арттыру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмыс болып табылады. Еңбекті қорғау – бұл жұмыс кезінде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғау процесі. Еңбекті қорғау әлеуметтік, санитарлық-гигиеналық, емдік, профилактикалық және оңалту сияқты бірқатар негізгі шараларды қамтиды.
Қызметтің осы бағытын іске асыру мақсатында «Тереңкөл ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің филиалымен “Еңбекті қорғау жөніндегі ең үздік техникалық инспектор – 2022” республикалық конкурсты өткізу туралы ережесі негізінде аудандық кезең ұйымдастырылып, өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
– еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ішкі бақылауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру;
– Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, “Кәсіптік одақтар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауы;
– өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттанушылықты төмендету;
– еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінде кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыру;
– үздік техникалық инспекторлардың жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату;
– білім беру ұйымдары басшыларының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына және өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бермеуге көңіл бөлуін күшейту;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен қағидаларын бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жою;
– еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін моральдық және материалдық ынталандыру.
Конкурс қорытындысы бойынша 1-орынға А.Текенов атындағы №2 ЖОББМ техникалық инспекторы А.Джумалинов, 2-орынға Қ.Оспанова атындағы №3 ЖОББМ техникалық инспекторы К.Рахимжанов, 3-орынға Береговой ЖОББМ техникалық инспекторы Е.Строев ие болды.
Облыстық кезеңге қатысу үшін еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор А.Текенов атындағы №2 ЖОББМ техникалық инспекторы Ануар Джумалинов жолдама алды.