Еңбек қауіпсіздігі бойынша айлық басталды

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Іс-шаралар жұмыс орындарында жазатайым оқиғалардың және сырқаттанудың алдын алу мақсатында өткізіледі.

Сонымен, «ССКӨБ» АҚ мен Қашар кені цехтарының басшылығы мен желілік басшыларының, кәсіподақтың, мердігерлік ұйым өкілдерінің дәстүрлі кездесуінде ERG-дің барлық кәсіпорындарында еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік айлығы басталды.

Қауіпсіздік барлық жерде, ең алдымен өндірістік алаңдарда болуы керек. Бұл мәселеде инженерлік-техникалық қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктелген. Кәсіпорында қызметкерлердің қауіпсіздігін бақылау және қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі таңда кәсіпорындардағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін «Ревизор» бейнетіркегіштерін сатып алуды жоспарлап отыр.

Өндірістік жұмысты қауіпсіз орындау туралы ескерту, кәсіпорын қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың назарын өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне аудару – айлықтың басты міндеттері болып табылады.

«Біз әрбір қызметкер үшін және мердігер ұйымның қызметкері үшін жауаптымыз. Әрбір жұмыскердің міндеті – өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын бұзуға жол бермеу», – деп атап өтті «ССКӨБ» АҚ президенті Валерий Гриненко.

Кездесу соңында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау салаларындағы үздік жұмыскерлерді марапаттау рәсімі өтті.