Үздіктер анықталды

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Тиімді сабақ, белсенді әдіс, шығармашылық тәжірибе» атты байқауға облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы демеушілік көрсетіп, қолдау білдірді.

Білім бәйгесі педагогтердің кәсіби шеберлігін таныту, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, оларға әдістемелік қолдау көрсету, пән мұғалімдері арасында өзара бәсекелестікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.


Сайысқа қатысушылар 2 тур бойынша сынға түсті. Өздері туралы мағлұмат беріп, қазылар арқасының назарына бейнесабақтарын ұсынды. Осылайша мұғалімдердің ағылшын тілін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану, шет тіліне қызығушылықты ояту, ойлау, тіл мәдениеті, жаңа тілдерді үйрену мен үйрету деңгейі айқын байқалды.

Байқау нәтижесі бойынша I орынды Мәртөк ауданы, №2 Мәртөк орта мектебінің мұғалімі Альфия Нағашыбаева иеленді. ІІ орынды Шалқар ауданындағы №2 мектеп-гимназиясының мұғалімі Алмагүл Ахметова мен Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық № 4 орта мектебінің мұғалімі Гүлбану Аймағамбетова бөлісті. Қарғалы ауданы, №1 Бадамша орта мектебінің мұғалімі Гүләйім Жұбаниязова және Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп мұғалімі Венера Сақыпова III орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздар Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бірлескен дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, кәсіподақ тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.