Кәсіподақ төрағасы еңбек ұжымымен кездесті

Семей қаласының «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-да бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысы өткізілді.

«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Семей аумақтық ұйымы» ҚБ төрағасы Сәбит Ибраев және заңгері Алимбек Куюбаев, бастауыш ұйымның төрайымы Самал Канапиянова кәсіпорынның кәсіподақ ұжымымен кездесті.

Сәбит Ибраевтың айтуынша, қазіргі таңда қызметкерлердің тарапынан кәсіподақтың рөлі туралы сұрақтар бірінші кезекте тұр.

Сәбит Ибраев осындай мәселелерді шешуде түсіндірме жұмыстар мен кеңестер, әлеуметтік еңбек қатынастарын қорғаудағы кәсіподақтың рөлі және білім беру департаментімен бекітілген келісім мен ұжымдық шарттың рөлі, оның орындалу барысын қадағалап отыру бастауыш кәсіподақ ұйымының құзырында екендігі туралы айтып өтті.

“Кәсіподақ қоғамның бөлінбес бөлшегі екені даусыз. Кәсіподақтардың негізгі міндеттері, яғни олардың басты функциясы – еңбек қатынастары және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыру. Кәсіподақ ұйымы қызметін жоғары деңгейде жүргізу үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет. Бүгінгі таңда білім саласындағы кәсіподақ – әр білім қызметкерінің қолдаушы күші екеніне күмән болмау керек”, – деп атап өтті салалық кәсіподақ төрағасы.