Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова Павлодар облысы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың шақыруы бойынша Павлодар қаласының тұрғындары үшін №23 учаскелік полиция пунктінің үй-жайында ұйымдастырылған “Медиация сағаты” атты іс-шараға қатысты.
Іс-шараның мақсаты – азаматтарға құқықтық қолдау көрсету, талап-арызды ресімдеуге көмектесу, дауды тоқтату бойынша бітімгерлік рәсімдер туралы түсіндіру.
Іс-шараға “Мир” өңіраралық Медиация орталығы” ЖМ басшысы, Павлодар облысы заң консультанттары палатасының төрайымы С.Кайдарова, кәсіби медиаторлар қатысты.
“Облыс тұрғындары арасында татуластыру рәсімдерін дамыту бойынша кәсіподақтардың белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында жүргізеді. Тұрғын үй-шағын аудандарының азаматтары үшін іс-шараны өткізудің жаңа форматы татуластыру рәсімдеріне қатысушылардың санын арттырады”, – деп атап өтті М.Иванова.
Заңды кеңес алу үшін жүгінген тұрғын үй-шағын аудандарының азаматтары қажетті құқықтық көмек алды.