Қауіпсіз еңбек – әр еңбеккердің құқығы

Халықаралық еңбек ұйымының шешімімен өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алуға ықпал ету мақсатында 28 сәуір Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күні ретінде белгіленген.

Биыл Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні “Ортақ күш-жігермен еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру” ұранымен өтеді. Бұл бастамаға жұмыскерлердің өкілдері – кәсіподақтармен қатар, әлеуметтік әріптестер мен барлық мүдделі тараптардың қолдау танытып, белсенді қатысуы өзекті.

Бүгін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының өкілдері «Inju Ansar» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысына жұмылдырылған құрылысшылар және басшылықпен кездесу барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету маңыздылығын еске салды.