Қарқаралы ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қарқаралы қаласының спорт кешенінде білім саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және аудандық команда жасақтау мақсатында волейболдан жарыс өткізілді.
Жарысты аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Азамат Секербайұлы, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қайрат Мусилимов және “Қарқаралы спорт клубы” басшысының міндетін атқарушы Искандер Каирбеков салтанатты түрде ашты. Аталмыш шараға Қарқаралы қаласындағы №1, 2, 44, Қоянды ауылындағы № 35, Көктас ауылындағы №4, Тегісшілдік ауылындағы №6, Егіндібұлақ ауылындағы №5, Ақтасты ауылындағы №32, Теректі ауылындағы №30, Айнабұлақ ауылындағы №31, Қарабұлақ ауылындағы №33, Қарағайлы кентіндегі №16, 17, Талды ауылындағы №19, Бүркітті ауылындағы №20, Жарлы ауылындағы №10, Жаңатоған ауылындағы №14, Аппаз ауылындағы №18 жалпы білім беретін мектептің білім беру қызметкерлері қатысты.
Жарыс өте тартысты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 3 жүлделі орынға Қарағайлы-Талды-Бүркітті аймақ құрама командасы, 2 орынға Егіндібұлақ-Ақтасты-Теректі-Айнабұлақ-Қарабұлақ аймақ құрама командасы және 1 орынға Нұркен-Жаңатоған-Аппаз аймақ құрама командасы ие болды.
Сонымен қатар, волейбол ойынында жақсы тартысты ойын көрсеткені үшін ұлдар арасында Жарлы ауылындағы №10 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таңжарық Тлеубек және қыздар арасында Қарағайлы кентіндегі № 17 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Жанат Алькешова “Үздік ойыншы” атанды. Жарыстың жеңімпаздарына аудандық білім бөлімінің және аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитеті атынан мадақтамалары, кубок, медаль, естелік сыйлықтар мен сыйақылар табысталды.