2022 жылғы 11 сәуірде Павлодарда қала және аудан әкімдіктерін қоса отырып, әкімнің бірінші орынбасары О.Кругтың басшылығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті, кәсіптік одақтар тарапынан Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Павлодар облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ төрайымы Д.Айтжанова, «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Г.Наурызбаева, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, “Қазкәсіпметалл” Павлодар облысы бойынша салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы, Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы мәселелер қаралды, Тереңкөл және Аққулы аудандарының 2021 жылға арналған Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияларының жүргізіліп жатқан жұмысы туралы есептер тыңдалды.
2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 13 жазатайым оқиға орын алды, онда 13 адам зардап шекті, оның ішінде 8 адам ауыр нәтижемен, адам өлімімен аяқталған жағдайлар болған жоқ. 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда өндірістік жарақаттанудың 13%-ға төмендегені байқалады.
ҚР-да 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде жұмыс берушілерді «Vision Zero» (нөлдік жарақаттанушылық) халықаралық тұжырымдамасына қосу бойынша ақпараттық науқан өткізу көзделген. Бүгінгі таңда бұл тұжырымдаманы 18 ұйым енгізді.
Бүгінгі таңда өңірде зиянды еңбек жағдайларында ескірген жабдықтары бар модернизацияланбаған өндірістерде 46 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын төмендету үшін жыл басынан бері 11 өндірістік объект аттестатталды.
Облыс кәсіпорындарында 840 өндірістік кеңес жұмыс істейді, олардың міндеттеріне өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларына тексеру жүргізуді ұйымдастыру кіреді.
Облыс бойынша 11 жұмыс беруші «Халықтық бақылау» жобасын енгізді, бұл еңбек жарақатын алған адамдарға еңбекті қорғауға тікелей бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді: «Богатырь Көмір» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС ПФ, «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС, «МК Евразия-Агро» ЖШС, АФЗ – «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы,, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ, «Ангренсор Энерго» ЖШС, «Аслан» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Щербак» ШҚ, «Неупокоев В.И.» ШҚ.
«Облыста әлеуметтік әріптестер қабылдаған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама өндірістік жарақаттану, кәсіптік аурулар, өндірістегі өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар деңгейін төмендетуге және еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсартуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған», – деп атап өтті А.Қапанов.
Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.Ибраева 2021 жылға Тереңкөл ауданы бойынша әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияның жүргізіп жатқан жұмыстары туралы комиссияға ақпарат берді. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 167 ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 78 – мемлекеттік, 89 – жеке меншік. 91 кәсіпорында ұжымдық шарттар жасалды, оның 78-і мемлекеттік, 13-і жеке меншік. Қалған кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасалмаған, себебі қызметкерлер саны 15 адамнан аспайды. Өндірістік процестерді тұрақтандыру және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы 94 кәсіпорынмен меморандумдар жасалды. Аудандық үшжақты комиссияның жұмыс тобының іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан кәсіпорындарында еңбек қатынастары мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі.
Аудан әкімінің орынбасары А.Қасымова Аққулы аудандық комиссияның 2021 жылғы жұмысы туралы хабардар етті. Кәсіпорындардың жалпы саны 97, оның ішінде мемлекеттік 67, жеке меншік кәсіпорындар – 30, ұжымдық шарттар жасасу бойынша көрсеткіш 100%. «Электрондық еңбек биржасы» порталында 1028 шарт тіркелді.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия тиісті тапсырмалар берді.