Елордада жұмыспен қамтитын жаңа жобалар қолға алынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына елордалық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов қатысты.

Ағымдағы жылдан бастап жұмыс берушілердің сұрауы бойынша «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту оқу ұйымдарында және жұмыс берушінің жұмыс орнында ұйымдастырылады.

Комиссия мүшелері жұмыс берушілердің тізбесін бекіту туралы мәселелерді қарады, олардың өтінімдері бойынша 2022 жылы оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ, білім беру ұйымының хаты негізінде Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау Бағдарламасына қатысуға үміткерді бос орынға ауыстыру мәселелерін қарап, тиісті шешімдер қабылдады.