Қоғамдық кеңестің мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов Кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық саясаты саласындағы азаматтық-құқықтық қатынастарды қорғау және заңдылық пен күн тәртібі мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді.
Жалпы отырыста түрлі бағыт бойынша бес комиссия бекітілді. Атап айтқанда, Ақпараттық-талдау жұмысы мәселелері, Бюджет, экономика және қаржы мәселелері, Әлеуметтік саясат саласында азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру жөніндегі, сонымен қатар Энергия тиімділігі, тұрғын-үй коммуналдық шарушылық, құрылыс және экология мәселелері жөніндегі комиссиялары құрылды.
Отырыста қоғамдық кеңестің төрағасы мен орынбасары, сондай-ақ комиссия төрағалары сайланды. Билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты жақсартатын қоғамдық кеңестің 31 мүшесі елде жүріп жатқан істерге өз ықпалын тигізіп, өзекті мәселелерді көтеретін болады.