Теміртау қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ этномәдени бірлестіктер орталығында ҚР Кәсіподақтар федерациясы заң клиникасы филиалының бастамасымен ашылған медиация кабинетінде тағы бір игі іс шара жалғасын тапты.
Қарағанды облысы кәсіподақтар орталығының, Теміртау қаласы сотының, Теміртау қаласы әкімі аппаратының, «Zolotaya seredina-SM», «Халықтар достығы» қоғамдық бірлестіктерінің, этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен ҚР Кәсіподақтар федерациясы заң клиникасының филиалымен тығыз жұмыс істейді.
Кәсіподақтар федерациясы заң клиникасының филиалы – Татуласу орталығының заңгерлері мен кәсіби медиаторлары тарапынан қала тұрғындарына құқықтық және татуласу рәсімдері бойынша сапалы қызмет көрсетіліп келеді.
Іс- шара барысында орталықта Кәсіподақтар федерациясы заң клиникасының филиалы, Қарағанды облысы кәсіподақтар орталығы, Теміртау қалалық соты және «Zolotaya seredina-SM» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Теміртау қалалық сотының төрағасы Талғат Әмірашев өз сөзінде татуласу рәсімдерінің қоғамдағы роліне тоқталып, медиация институтының дамуына үлесін қосып келе жатқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ этномәдени орталығының басшысы Әлішер Жақыпбековке, Қарағанды облысы кәсіподақтар орталығына, «Zolotaya seredina-SM» кәсіби медиаторларына ризашылығын білдірді.
Теміртау қалалық сотының судьясы Есен Жұмабеков кәсіби медиаторларға сәттілік тіледі.
Кәсіподақтар федерациясы заң клиникасының филиалының басшысы Света Шардарбекова Татуласу орталығымен жұмыс жасауға ниет білдірген кәсіби медиаторлардың жоғары кәсіби деңгейлерін тілге тиек етті.
Іс-шара барысына қатысушылар өзара пікір алмасып, өзекті сұрақтарға жауап берілді.