Түркістан облысы «Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Төлеби аудандық балалар кітапханасы» ғимаратында “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік диалог” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Семинардың мақсаты – еңбек заңнамасы, әлеуметтік диалог, еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе алмасу болды. Іс-шараға «Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Ерлан Жандарбеков, Түркістан облысы «Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Светлана Шишкина, Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Галина Ашурбекова мен кәсіподақ активі қатысты.
Қатысушыларға арнаған сөзінде кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев еңбекті қорғау және еңбек мәдениетін көтеруде кәсіподақтар жұмысының әлеуметтік әріптестермен бірге жұмыс жасауы маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде сөз алған Ерлан Жандарбеков еңбек қауіпсіздігі мәселесіне тоқталып, кітапхана ұжымына еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау шаралары жайлы түсіндірме жасады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Галина Ашурбекова кітапханадағы еңбек жағдайларына тоқтала келе, әлеуметтік әріптестіктің маңыздылығына мән бере жұмыс жасап отырған бастауыш кәсіподақ ұйымының ұжымдағы рөлі мен маңызы зор екендігін жеткізді. Сонымен қатар, ұжымда атқарылып жатқан жұмыстары жайлы тоқталып, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі бойынша шаралардың жүргізілу барысы жайлы баяндады.
Дөңгелек үстел соңында оған қатысушылар аталған тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.