Орал қаласы әкімдігінде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссия отырысы өтті.
Жиында Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясының хаты негізінде, “Батыс Қазақстан автобус паркі” тасымалдаушыларының шығындарын субсидиялау бойынша, қызметкерлерге 2022 наурыз айындағы жалақы берешегі туралы және ЖЗҚ мен МӘМС жарналарын аудару бойынша туындаған ұжымдағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу мәселесі қаралды.
Аталған сұрақ бойынша комиссия мүшелері мекемеде туындаған сұрақтардың оң шешімін табу мәселесі назарға алып, қадағалайтын болады.