Барпиева Гүлнара Өскенбайқызы – Шымкент қаласындағы №99 мектеп-гимназиясында 17 жылдық жұмыс өтілі бар бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, ардақты ұстаз, шебер педагог. Айтатын ойы анық, сөйлейтін сөзі өткір келетін аяулы ұстазбен тілдесе қалсаңыз, жақсы әсерге бөленіп шығасыз. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей түседі, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқан тәмсіл сөз еске түскен сайын өнегемен өрнектелген өмірі көпке үлгі болған, халқына адал қызмет етіп, шарапат нұрын шашып жүрген ұлағатты жан.
Бар саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған, ұстаздықтың мәртебесін көтерген, өз ортасына сыйлы – Гүлнара Өскенбайқызы 27 жылдан бері «Дарақ бір жерден көгереді» дегендей, құрметті саланың дамуына өз үлесін қосып келеді. Ғибратты ғұмырында жарқыраған сәулелі нұрын шашып тұратын, биік тау тұлғалы адамдар ортамызда. Гүлнара Барпиева өзінің сүйікті ісі — жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде білім саласында ұзақ жылдар бойы үздіксіз атсалысып келеді. Осыншама мол, игілікті еңбек қандай адамға болсын зор мәртебе саналары анық. Оның үстіне ұстаздың еңбегінің сан қырлы екеніне көз жетеді. Бүгін біз Гүлнара Өскенбайқызын ұлағатты ұстаз ретінде қарастыра отырып, білім саласындағы еңбек жолы мен өмір мектебі туралы басты мәселелерді ғана атап өткіміз келеді. Ең алдымен, бала тәрбиесіне жан дүниесімен берілген, білім саласының нағыз майталман маманы. Ол кісінің азаматтық тұлғасында туабіткен асыл қасиеттер көп-ақ. Соның бірі – өз ұлтына деген зор сүйіспеншілігі десек, қателеспейміз. Өз ісінің білікті маманы, қайтпас қажыр-қайрат пен зор ізденісінің арқасында Гүлнара Барпиева талай марапатқа бөленіп жүр. Шығармашылық пен ізденістерге толы ғибратты ғұмырында көптеген қалалық, аудандық, республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында, түрлі сайыстарда, ғылыми жобаларда өзі және шәкірттері жоғары дәрежелерге ие болып,сонымен қатар қалалық семинарларда бірнеше рет ашық сабақтар мен коучинг сабақтар беріп, ұстаздар мен көпшілік алғысына бөленген. Білікті ұстаздың шәкірттері де білімді, алғыр, дарынды болып келеді.
Гүлнара Өскенбайқызы көпжылдық елеулі еңбегі үшін, 2017 жылы ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы «Qurmet-АВ» қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалі, 2018 жылы «Білім беру» саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Елеулі еңбегі үшін» «Ы.Алтынсарин» медалі, 2019 жылы Педагогтарға арналған III қалалақ пән олимпиадасының «Ең білімді педагог» төсбелгісі, 2019 жылы «XXI ғасырдың жас ғалымы» атты оқушылардың І Республикалық ғылыми жобасына шәкіртімен бірге дайындаған ғылыми жұмысы жүлделі орынға ие болғаны үшін « Оқу және тәрбие ісінің үздік ұстазы» төсбелгісі, 2020 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің «Құрмет грамотасы», 2021 жылы «Құрмет грамотасы», 2021 жылы А.Мұқашеваның алғыс хаттарымен марапатталған.
Өмір жолында талай баланың бағыт-бағдарының жүйелі қалыптасуына тікелей ықпал жасаған, тектілігі айшықталып тұратын Гүлнара Өскенбайқызы Кәсіподақ тынысына да атсалысып, әрдайым ар-ожданның биігінен көрініп, адамгершілік деген ұлы ұғымның туын желбіретіп келеді. «Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, бүкіл өмірі үлгі болған, жақсының жақсы ісін айту, оны өмірге өнеге ету – парызымыз.