Қарағанды облыстық Кәсіподақтар орталығы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтарының облыстық филиалдарының, «SЕNIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің, «KYZMET» мемлекеттік, банк мекемелері жұмыскерлерінің, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмыскерлерінің, Ауыл шаруашылығы және көмір өнеркәсібі қызметкерлері салалық кәсіподақ мүшелерімен бірлесіп жыл сайынғы дәстүр бойынша кәсіподақтар үйінің аумағында тазалық пен тәртіп орнатты.
Қатысушылар аумақты абаттандыру бойынша бірлескен жұмыстың нәтижелеріне риза болды.
Кәсіподақтар Қарағанды облысының еңбек ұжымдары мен тұрғындарын осы ортақ игі іске қосылуға шақырады.