Ұстаздарға шипажайға жолдама берілді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы қызметінің басты бағыттарының бірі – кәсіподақтар мүшелері және олардың отбасылары арасында сауықтыру шараларын ұйымдастыру және өткізу, санаторлық-курорттық емдеуді жүзеге асыру. 2022 жылы аталған қызмет бойынша өңірде салалық, жергілікті кәсіподақ ұйымдары белсенді кәсіподақ мүшелеріне жолдамалар табыстау жұмысын бастады.

21-26 наурыз күндері аралығында Теректі аудандық білім беру ұйымдарының 15 қызметкері аудандық кәсіподақ ұйымының жолдамасымен “Ақжайық” шипажайында кешенді медициналық тексеріліп, жан-жақты ем алды. Бір апталық демалыс кезінде өңірдің саф ауасын жұтып, түрлі ем-дом қабылдап, денсаулықтарын нығайтып келді.


“Кәсіподақ – қолдаушы, кәсіподақ – қорғаушы. Кәсіподақ әлі де талай игі істердің бастаушысы болатынына кәміл сенеміз. Шәкірт тәрбиелеудегі үздіксіз еңбегімізді елеусіз қалдырмай, тынығу-сауықтыру демалысын алуымызға мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғыс білдіреміз”, – деп ризашылығын білдірді ұстаздар.