Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен дүние жүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді.
Осы акцияның аясында Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының өкілдері ағымдағы жылғы 11-15 сәуір аралығында елордада салынып жатқан үй-жайлары және паркингі бар «Жаңа Арқа», «Nexpo Union», «Burabay» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңдарында болды.
Кәсіподақ өкілдері құрылысшылар мен жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету маңыздылығын түсіндіріп, өндірісте орын алуы мүмкін жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін лайықты еңбек жағдайларын жасауды, жұмыскерлердің өзекті мәселелерін шешу жолдарын атап өтті.