Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында соғыс ардагерлеріне берілетін әлеуметтік көмек көлемін көбейту ұсынылды.
Жиынға қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов қатысты.
Кеңес мүшелері 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында өзге елдердің аумағында соғысқан ардагерлерге бірреттік әлеуметтік көмек көлемін 20 АЕК-тен 35 АЕК-ке көбейтуді ұсынды. Атап айтқанда, аталған әлеуметтік көмекке Ауғанстан соғысына және бұрынғы Кеңес одағының ІІМ құрамында Таулы Қарабақ, тәжік-ауған шекарасындағы жанжалдарды тоқтатуға қатысқан адамдар ие болады.
Сонымен қатар, төтенше жағдай салдарынан жалғыз баспанасынан айырылғандарға 400 АЕК және осы жағдайда адам қайғылы қазаға ұшыраса, оның отбасына 150 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек беру беру ұсынылды.
Отырыста кеңес мүшелері басқа да өзекті мәселелерді талқыға салды.