«Әлеуметтік әріптестік жылына» орай Мұғалжар ауданында білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен спорттық турнир ұйымдастырылды.
Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған шара Қандыағаш қаласындағы №4 орта мектебінде өтті.
Білім беру ұйымдарының басшылары шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисінен сынға түсіп, спорттық қырларынан танылды. Кәсіби спортшыларға тән жауапкершілік, ширақтық, интеллектуалды ойлау қасиеттері білім ордаларын басқарып отырған педагогтерге де жат емес. Сондықтан болар, турнирге қатысушылардың қай-қайсысы да жоғары нәтиже көрсетіп, өздерінің осал еместігін дәлелдеді.
Жарыс жүлдегерлеріне аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан марапат табысталып, облыстық сайысқа жолдама берілді.