Жалпықалалық сенбілік өтті

Сенбілікке қатысқан «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 300 қызметкері «Жеңіс» саябағын тазалады.


Айта кету керек, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты тек Жеңіс саябағын ғана емес, жалпы Тұрғындар қалашығы шағын ауданының жаңа келбетін жасауды міндеттеріне алып отыр.

— Былтыр біздің кәсіпорын облыстық әкімдікпен бірлескен меморандумға сәйкес осы шағын ауданды көркейту үшін 500 миллион теңге бөлген болатын. Бұл қаржыға өткен ғасырдың 50-жылдары салынған үйлердің қасбеттері сырланып, шатырлары бүтінделіп, жаңартылды. Үйлердің маңындағы жолдарға асфальт жамылғысы төселді. Ойын алаңдары салынды. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Тұрғындар қалашығы шағын ауданының тарихы Ақтөбе ферроқорытпа зауытымен байланысты. Бұл аудандағы тұрғын үйлер 1943 жылы зауыт жұмысшылары үшін салына бастаған болатын. Қазір де мұнда біздің ардагерлеріміз бен жұмысшыларымыз тұрады, — деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жетекшілері мен кәсіподақ ұйымының төрағасы.