Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен 2021 жылы бастау алып, үрдіске айналған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы бүгін Қызылорда облысында жалғасты.
Онлайн кездесуге Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Мирболат Жақыпов, салалық кәсіподақтың облыстық филиалы төрайымы Сәуле Тұрсынбаева, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басқарма басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы және кәсіподақ мүшелері қатысты.
Кездесу модераторы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев Кәсіподақтар федерациясымен 2022 жыл Әлеуметтік әріптестік жылы болып белгіленгендігін, бастауыш ұйымдармен тығыз байланыс одан әрі жалғастырылатындығын атап өтті.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева облыстағы атқарылған жұмыстар туралы толық мәлімет айтып өтті. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Гулзира Есқараева мәлім еткендей, кәсіподақ мүшелерінің саны – 130, яғни, кәсіподақ мүшелігімен қамту көрсеткіші 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Мариям Баекеева кәсіподақ ұйымымен бірлесе мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар барысын әңгімеледі. Бастауыш кәсіподақ ұйымының құрылғанына – 35 жылдан астам. Осы жылдар ішінде бұл мекеме кәсіподақтан қол үзбеген ұйым.
2021-2023 жылдарға арналған ҚР СЖРА Ұлттық статитика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті мен бастауыш кәсіподақ ұйымы арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары туралы Ұжымдық шарт қазірде қолданыста.
Кездесу барысында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Мирболат Жақыпов жоғарыда айтылғандарды қуаттап, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы мен филиал төрағасына қажырлы еңбектері үшін, департамент басшысына әлеуметтік әріптестікті дамытудағы жемісті ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдірді.
Кездесуді қорытындылаған Нұрлан Өтешев кәсіподақ мүшелерінің көтерген мәселелеріне жеке тоқталып өтті. Кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын оңалту бойынша санаторияларға берілетін жеңілдіктерді қарастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы, медициналық сақтандыру қоры қаражаты есебінен кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын қалпына келтіру бойынша кәсіродақ шипажайларында жаңа жоба іске асырылып жатқандығы туралы айтты.
Н.Өтешев кездесуге қатысқан бастауыш ұйым кәсіподақ мүшелеріне Кәсіподақтар Федерациясының Халықаралық ұйымдармен жұмысы бойынша мағлұмат беріп, алда межеленген жоспарлар барысы жайлы