ҚРКФ Түркиядағы әріптестерімен тәжірибе алмасуда

Төраға Сатыбалды Дәулеталин бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы Түркия Республикасында жұмыс сапарымен жүр.

Анкарада қазақстандық делегацияның HAK-IS Кәсіподақтар конфедерациясы Бас кеңесінің мүшелерімен және Түркия Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министрі Ведат Билгинмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркиядағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Тараптар екі елдегі әлеуметтік қамсыздандыру жағдайын, сондай-ақ жұмыспен қамту мәселелері мен еңбек нарығындағы жағдайды талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен HAK-IS Кәсіподақтар конфедерациясының өкілдері екі елдің кәсіпорындары жұмыскерлерінің әл-ауқатын жақсарту және олардың әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша бірлескен өзара іс-әрекеттер  мәселелерін талқылады.

Анықтама үшін:

HAK-IS конфедерациясы 1976 жылы 18 қазанда Анкарада құрылды. Ол 730 516 жуық мүшесі бар Түркиядағы екінші ірі кәсіподақтар конфедерациясы (қоғамдық қызмет көрсету, металлургия, тамақ өңдеу, туризм, орман шаруашылығы, қаржы, тоқыма және т.б. сияқты 21 салалық кәсіподақ).  Мүшелерінің 25 пайызға жуығын әйелдер құрайды.

ETUC (Еуропалық кәсіподақтар конфедерациясы) және ITUC (Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы) халықаралық деңгейдегі мүше ұйымы және ЕО-Түркия Бірлескен экономикалық және әлеуметтік консультативтік (кеңесші) комитеті мен IIRA (Халықаралық өнеркәсіптік қатынастар қауымдастығы) мүшесі, HAK-İŞ (және оның филиалдары) негізінен жеке секторда және трансұлттық кәсіпорындарда белсенді жұмыс істейді.

HAK-İŞ көптеген жоғары деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің (Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ESK), Үшжақты консультативтік кеңес (Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінде), Кәсіптік біліктілік басқармасы (VQA), Әлеуметтік қамсыздандыру институты (SGK), Түркияның Ұлттық тұтынушылар кеңесі, Еңбек саласындағы азаматтық бастамалар платформасы, Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және денсаулықты қорғау ұлттық кеңесі, İŞKUR Ұлттық жұмыспен қамту саясаты жөніндегі консультативтік комитет (Ұлттық жұмыспен қамту агенттігі), İŞKUR еңбек нарығы туралы ақпарат комитеті, İŞKUR Бас ассамблеясы, Экономика және еңбек министрлігінің Жұмыспен қамтуды ынталандыру комиссиясы, Еңбек ассамблеясы) мүшесі болып табылады.